Помогите, очень срочно надо сочинение на тему "менің президентім" примерно 15-20 предложений.

1

Ответы и объяснения

2012-11-23T09:38:11+00:00

қазақстан Магниткасында Нұр­сұлтан Назарбаев ерекше тұлға еді. Ол ақылды, сындарлы, шы­ны­қ­қан, өз жолы мен өз қадірін білетін жас еді. Ол металлургтер ішінде де ерекшеленіп те тұра­тын. Ол менен бұрын комсомол белсендісі болды, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысты. Ол туралы газеттер жиі жаза бас­тады, Қазақстан комсомолының Х съезіне, БЛКЖО-ның ХVІ съезіне қатысты, Бүкілдүниежүзілік ІІІ жас­тар фестиваліне делегат болды.

Бүгін толық сеніммен мынаны айтуға болады: кеңес кезінде жұмысшы мамандығы адамның өсуіне, ең бастысы – жастардың өз қабілеті мен талантын көр­се­туге жақсы мүмкіндіктер берді. Бұған бүгіндер Қазақстанның даңқ­­ты адамдарына айналған көп­­теген бұрынғы жұмысшылардың өмір­ба­яндары дәлел бола алады. Нұр­сұлтан Назарбаев басшылық ла­уа­зымға қызықпағанын кейін талай айтса да, бірақ ол дүр­мектің ортасында қала алмас еді, өйткені оның лидерлік қасиеті үнемі алға бастайтын. Белсенді еңбек адамы, жастар жетекшісіне Теміртау қа­лалық комсомол комитетін басқа­ру ұсынылды. Өз тә­жірибемнен білемін, мұндай ұсыныстардан дені сау адам бас тартпаса керек-ті. Бірақ Нұрсұл­тан Назарбаев бас тартты. Мұ­ны­сын ол мұндай жұмысқа психо­логиялық жағынан дайын емеспін деп түсіндірді. Оны бюроға шақыртты, әдеттегі­дей қысымға алды, жаза да қол­данды, бірақ көндіре алмады. Дәл осы тұста Назарбаев – тұлғаның бар бол­мысы менмұндалады. Ол БЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы С.П.Павловқа дейін жетіп, өз тарихын баяндады. Об­лыстық партия комитетінің бю­росы қалалық партия коми­те­ті­нің Назарбаевқа жаза беру жө­ніндегі шешімінің күшін жойды, ал бірінші хатшы Катковқа қатаң пар­тиялық жаза қолданылды. Бі­рақ кейін Назарбаев Теміртау қа­лалық комсомол комитетін бас­қар­ды да. Өйткені, партиялық функ­ционерлер оның лидерлік қа­сиетін, адамдармен жұмыс істеу қабілетін, алғырлығын көріп-біл­ген еді. Бүгіндері бізге күнделікті өмірде осындай қасиеттер жетіспей жататыны өкінішті-ақ!