Ответы и объяснения

2012-10-28T14:31:41+00:00

Менің сүйікті спорт турі - үстел теннисі. Бұл әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Оның басқа спорт түрлерінен еркшелігі- қауіпсіздігінде, тенниспен айналысқан кезде ешқандай жарақат алуға болмайды, және де бұнымен айналысу барысында адамның барлық мүшелері, барлық бұлшық еттері де шынығады. Бұл тіпті көз бұлшық еттері үшін де өте пайдалы болып келеді, теннистің арқасында көз ауруларының көптеген түрінен аулақ болуға болады. Сонымен қатар бұл адамның белгілі бір әсер етушіге жауап беру мүмкіндігін да тездетеді. Бұл спорт түрі қауіпсіз болғандықтан, онымен кез келген адам - мүгедек болсын, кішкентай бала немесе қария болсын, яғни қай-қайсы болсын айналыса алады. Басқа спорт түрлері сияқты, үстел теннисі де адамды рухани жағынан тәрбиелейді. Спорттың арқасында адам өз уақытын бағалай біледі, жаман әрекеттерден аулақ болуға тырысады, салауатты өмір салтын қалыптастырады, ауыр кездерде сабырлық сақтайды,ойлау қабілетін дамытады, яғни адамның мінезінде жігер, адамгершілік қасиеттері дамиды.

 Қорыта келе, спорт және дене тәрбиесі - адам өмірінің орны толмас, маңызды бөліктері. Онымен шұғылдану -  әрқайсы үшін ауадай қажет.