Ответы и объяснения

2012-10-22T12:21:57+00:00

ДЕНСАУЛЫҚ - БАСТЫ БАЙЛЫҚ Денсаулық ауадан аумайды, Барында кім оны аңдайды. Халық мақалы Ессіз білмес естінің қасиетін, Сау білмейді аурудың қасіретін. Халық мақалы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің мамандығым дәрігер болғандықтан, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өйір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас үрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Жасыратыны жоқ, бүгінде медицина саласы көптеген қиындықтарды басынан өткеруде. Нарық қыспағының, экономикалық қолайсыздықтардың қолбайлау болып отырғаны да анық. Міне, осындай жағдайда Елбасымыздың "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Жарлығы (1998 ж. 18 мамыр) дәрігерлер қауымының зор ықыласын тудырды. Елбасының дәрігерлік-санитарлық көмек сапасын жақсартуға, қоршаған ортаны таза ұстауға, бала мен ананың денсаулығын сақтауға, тіпті халықты ауызсумен жабдық-тауға дейін қамтыған бүл Жарлығын Қазақстан халқына деген жанашырлықтың айқын көрінісі деп түсінген жөн