Ответы и объяснения

2012-09-29T19:51:01+04:00

Мен сыйлық жасағанды өте ұнатамын. Сыйлық берген кездегі адамның қуанышын білген не деген қуаныш дейсің? Әсіресе, сыйлықты ата-анама, достарыма бергенді жақсы көремін. Жақында мен маған қымбат адамға әдемі сыйлық сыйламақпын. Ол - менің жан досым. Оған ең керемет те көркем сыйлық сыйлауды дұрыс деп шештім. Не дегенмен, ол менің қасымнан қалыспай, көмектесіп жүретін досым емес пе?! Сыйлықты бергенде тосын сый болу үшін, ең ерекше затты сыйға тартқым келеді. Ол сыйлық оған ұнайды деген ойдамын.