Ответы и объяснения

2014-04-08T20:35:09+04:00
Самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған — бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт — басыңкы сыңарлар ағаш үй, алтын сағат, темір күрек, ойлап сөйлеу, ақырын жүру дегендер — жай тіркес те, ақ боз ат, ойға беріліп кетпеу, жүз шақты кісі, теңіз жағасында жүру, сары ала тон дегендер — күрделі тіркестер. Өйткені бұл тіркестер сөз бен күрделі сөздердің өзара бірі екіншісіне бағына байланысуы арқылы жасалған. Сөздер бір-бірімен тіркескенде, кейбірі есім сөздің, кейбірі етістіктің айналасына топталады. Осыған сәйкес сөз тіркесі есімді сөз тіркестері және етістік сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса байланысқан есім сөз тіркестерінің құрамы былай болады. 1. Зат есімді тіркестер: алтын қасық, темір балға. 2. Сын есім мен зат есім тіркесі: ақ құба жігіт, боз інген, сұлу қыз. 3. Сан есім мен зат есім тіркесі: бес ешкі, алты комбинат. 4. Есімше мен зат есім тіркесі: жаңарған дала, дамыған ел. 5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі: сол сәт, бұл фабрика.