Народ плиз стих про лето не большой строчек восемь на казахском языке

1
Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Ұшқан құсқа сорғалап,
Жаяды төсін шартарап.
Құлын, тай тұрмас орнында
Бір-бірін қуып, жорғалап.
Жұмыртқадай ақ үйлер,
Төгіліп тұрған ән күйлер.
Жұп - жұмсақ алақанымен
Жаз жайлау, бәрін-әлдилер.
Жаз шықты да,
Жаз шықты да,
бар табиғат шешінді,
Әр әсердің бағамы бар кесімді.
Декольтелер көзді қарып өтеді,
Ақ балтырлар алып әбден есіңді.
Көше толы әзәзілдер жосыған,
Өрт шығады кімнің бүгін қосынан?
Айналаңа сұқтана көп қарама,
Қан қысымы көтерілді осыдан.
Шықпай-ақ қой үй деген бір үңгірден,
Тағы қандай сынағы бар,
кім білген!
Осылай деп...
сені ме, әлде,
білмеймін,
Өзімді ме,
кімді үгіттеп тұрмын мен?
Написали :
1.Бақыткерей Ысқақ
2.Жанғали Набиуллин

Ответы и объяснения

2014-04-07T13:15:06+04:00
Жаз!
Жаз келіпті дегенше
,Алма пісті дегейсің.
Бағымызда, ендеше,
Алма теру көбейсін.
Жаз келіпті дегенше,
Қарбыз пісті егейсің
.Бақшамызда, ендеше,
Қауын-қарбыз көбейсін.
Жаз келіпті дегенше,
Жайлау бардық дегейсің
.Жайлаудағы, ендеше,
Қой-қозылар көбейсін.