Пожалуйста,расскажите на русском про что стих))
«Верный» *ден жандаралдар бұйрық қылдыҚұйрығы бұйрығының тіпті зілді.«Отыз бір — он тоғызды алад» дегенСуық хабар халықты бұлқындырды.Жылады сорлы халық малын айтып,«Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», —Дейді де еңірейді, егіледі,Қайғының күндіз-түні күйін тартып.«Верный»дың қадам баспай қаласына,Кемпір, шал жылап жатыр баласына.Ешбір ем табылмады іздесе де,Халықтың жүректегі жарасына.Пристов келіп қалды бала сұрап,Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап,«Қырсаң да баламызды бермейміз» — деп,Тайсалмай әке-шеше жатыр сулап.Пристов ашуланды «аламыз» деп,(Жігіттер тұр: «бармаймыз, қаламыз» деп).«Егерде бұл түріңді өзгертпесең,Басыңа бір ойранды саламыз» деп.Ел-ел боп жыйылды кеп әрбір сайға,Ал әлеумет, қараңдар мына жайға,Сеңдей болып соғылып толқындады«Бір сая бола ма — деп — шыбын жанға?»Жыйылды бозбалалар бір кезекте,«Қарғалы» деген тасқын бір өзенге,Пристов кетті — «еріксіз аламын» деп,Көресің бұл істі деп кезегінде.Бәрін де ол пристов жаттап алды,Басшыларын қағазға хаттап алды,Аттандырып бұл елге солдаттарын,Басты-басты кісіні саптап алды.Күн ыстық қайнап тұрған сарша тамыз,Жанында қан, малында қалмай маңыз,Оразаның күні еді сол уақытта,Бұл күнде оразаны не қыламыз!Суында Қарғалының ауыз ашты

1

Ответы и объяснения

2014-04-03T15:45:30+00:00
Точно знаю,что в этом тексте рассказывается история города Верный (нынеш. Алматы)