Ответы и объяснения

2014-03-30T09:55:47+04:00
Тілдегі .сөздердің мағынасы алуан түрлі. Бір топ сөздер заттың атын білдіреді, онымен бірге заттың сындық, сандық белгілерін білдіретін сөздер де бар: жақсы адам, қызық кітап, жасыл жапырақ, отыз үй, қырық бала, он жылқы дегендердегі адам, кітап, жапырақ, үй, бала, жылқы — заттардың аты; жақсы, қызық, жасыл — сындық белгілері; отыз, .қырық, он — сандық белгілер. Өмірдегі заттың қимылын, қимылдың болған мезгілін, орнын, қалай болғанын білдіретін де сөздер бар: Әкем кеше жоғары отырды дегендегі отырды — заттың қимылын, кеше — қимылдың болған мезгілін, жоғары қимылдың орнын білдіріп тұр. Осындағы әкем деген сөздің орнына ол деген сөзді қолдануға болады: Ол кеше жоғары отырды. Мұндай сөздер езінше бір топ құрайды. Сонымен. бірге адамның кеңіл күйін білдіретін сөздердің мағынасы жоғарыдағы сөздерден басқаша: алақай, қап, әттеген-ай, үһ т. б. Тілдегі сөздердің мағынасы ғана мұнда түрліше. болып қоймайды. Олардың түрленуінде де үлкен айырма бар, бірімен-бірінің тіркесуінде де ерекшелік мол, сөйлемдегі орны мен қызметі де түрлі-түрлі. Осы. ерекшеліктеріне қарай, қазақ тіліндегі сездер төмендегіше бөлінеді:1.ЗАТ ЕСІМ. 2.СЫН ЕСІМ. 3.САН ЕСІМ. 4.ЕТІСТІК. 5.ЕСІМДІК. 6.ҮСТЕУ. .7.ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР. 8.ОДАҒАЙ. 9.ШЫЛАУ.