Ответы и объяснения

Лучший Ответ!
2014-03-14T10:18:04+00:00
Табиғатты қорғау(название). Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қана сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке карай, аға ұрпақтың санасезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келді. Ол олардың табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарауы. Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Ол-жердің беткі қабаты-литосфера, оның үстіндегі гидросфсра, оның жоғарғы қабатын құрайтын - атмосфера, осы үшеуінің ара қатынасындағы биосфера - тіршілік қабаты. Осы үшеуі бір-бірімен үйлесімді ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды.