Нужно сочинение на тему "Табиғатты қорғау" 25 предложений

1
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

Ответы и объяснения

2014-03-05T15:37:37+04:00
Табиғатты қорғау – адамзат қоғамы мен бүгінгі және келешек ұрпақтың материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Адамның өндірістік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерін белгілі бір дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адамзат қоғамының көкейтесті мәселелерінің бірі болып келді және қазіргі тех. үдеріс заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осыған орай Т. қ-ды мемл. реттеу жүйесі қазіргі заманда экономикасы дамыған елдерде тұрақты мемл. реттеу тетіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы 1960 жылдардан, кәсіпорындардың өндірістік қызметінің экол. зардаптарын реттеу мен бақылаудың құқықтық нормативтік негізі жасалып, әкімш. тарапынан осы салада ғыл.-зерт. және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды үйлестіру органдары құрылған кезден басталды. 1970 – 80 жылдардың тоғысында әкімш. бақылау құралдары (экол. жағынан қолайсыз өндірістерді лицензиялаудан бас тарту, жобалардың экол. жағынан негізделуін, өнімге экол. таңбалар қойылуын, оның экол. жағынан сертификатталуын талап ету, т.б.) тікелей және жанама түрде экон. реттеу нысандарымен толықтырыла түсті. Экон. ынталандыру шараларында экол. жағынан таза өнім өндірушілерге жәрдем қаражат беру және оларды қаржы жағынан қолдаудың басқа да нысандары қамтылады. Оларға басқа да тең жағдайлармен қатар мемл. сатып алу бағдарламасын іске асыру, келісімшарттарды орналастыру және сауда-саттық жүргізу кезінде артықшылық беріледі. Өнімнің “тазалық“ деңгейіне қарай сараланған салық мөлшерлемесі қолданылады. Ерекше күрделі экол. мәселелерді шешу үшін мемлекет экономиканың жекелеген секторларының өкілдерімен ерікті салалық келісімдер жасасады. Осындай жолдармен Т. қ-ды мемл. реттеу “таза” өнім мен технологияларға деген сұраныс қалыптасатын нарыққа ықпал жасап, өндірушілерді қоршаған ортаның ластануына қарсы күресудің неғұрлым тиімді құралдарын таңдауға мәжбүр етеді