Ответы и объяснения

2014-02-27T20:19:14+04:00
Сөйлем мүшелері-сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтиесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері.Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз болып бөлінеді.
2014-02-27T20:24:56+04:00
Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз.
Сөйлем мүшесі қызметіне қарай екіге бөлінеді: Тұрлаулы(екіге бөлінеді) Тұрлаусыз(үшке бөлінеді)
Тұрлаулы: Бастауыш, Баяндауыш.
Тұрлаусыз: Анықтауыш, Пысықтауыш, Толықтауыш.