Ответы и объяснения

2014-02-21T13:48:34+04:00
Жетісу жәннәт, өлеңге қостым даласын.
Тасыған көксу әкетсін көңіл жарасын, 
Жетісу жәннәт, өлеңге қостым даласын. 
Жоңғар-Алатау,жотасы жатыр ақ-қарда, 
Етегіне орап Талдықорғандай қаласын. 

Жеріңде шүйгін,еліңе қонған бақ-ырыс, 
Текелі қалам,қойнауың толған кіл жеміс. 
Саяңа барып,салқын ауаңнан бір жұтсам, 
Кірлеген ойды,Қора-өзен етер теп-тегіс. 

Алмаңнан үзсем,жотаңа мінсем шалқайсам, 
Шалғыныңа аунап,алмаңды иіскеп марқайсам. 
Әдірем-ғана қалмайма сенен шет елдер, 
Көңілім толмайды,саған бір жылда бармасам. 

Көңілім толмайды,өзіңе жылда бармасам, 
Сағынып онда жүргенде шығар жан қалқам. 
Саяңда сенің,салқын самалың өппесе, 
Ішімде жатқан сағынышымды ап қалам.