Ответы и объяснения

Лучший Ответ!
2014-02-21T13:52:00+04:00
АЛАТАУ. Ж.ЖабаевТізілген таулары бар Жетісудың,Ішінде орман, тоғай біткен нудың.Дариядай сол таулардан тулап тасып,Көресің тамашасын аққан судың.Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп,Бір татсаң, ауызыңнан дәм кетпейтін.Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,Сырласып, бұлттарменен болған кептес.Тұрлі аңдар мекен етіп, өніп- өсіп,Жұреді бір-бірімен боп тілектес.Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.Тулаған аққан бұлақ тасқынындаАсаудай ойнақ салар балық шоршып.