Ответы и объяснения

Лучший Ответ!
2014-02-13T10:15:04+00:00
Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905 , Оңтүстік
Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылы
– 1978, Алматы) – жазушы . Мәскеудегі Шығыс
жастарының коммунистік университетін бітірген
( 1927 ). 1927 – 1978 жылы Ташкенттегі Орта Азия
университетінің оқытушысы, даярлық курстың және
қазақаласықырғыз тілі мен әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі (1927 – 1930), Өзбекстан Жазушылар
одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы
(1929), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) проф., Қазақ
мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, “Қазақ
әдебиеті” газетінде, “Әдебиет майданы” (қазіргі
“Жұлдыз”) журналында редактордың орынбасары,
редактор (1935 – 37), “Жазушы” баспасында бөлім
меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұрманжанов
шығармалары негізінен балаларға арналған.
Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығып
тұрған “Ақ жол” газетінде 1920 жылы жарияланған.
“Таң өлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген
(1925). 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан
кедей”), 1929 жылы өлең кітабы (“Таң сыры”)
басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің
авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған
көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.