Помогите пожалуйста!!Очень нужно! помогите написать 10 предложений на тему "Жамбыл Жабаев - 100 жасаған ақын"!Даю 50!

1

Ответы и объяснения

  • zh96
  • светило науки
2014-02-10T18:23:58+04:00
                         Жамбыл Жабаев - жүз жасаған ақын.
         Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жамбыл - екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі екі ғасырға тең еді. Себебі, Жамбыл қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепе-тең, жамандығы мен жақсылығы қатарлас екі дәуірді бастан кешті. Ол өзінің көргені мен білгенін бірде жырау, бірде жыршы, бірде ақын болып жырлаған, толғаған, суреттеген. Өнері мен бойына туа біткен дарындылығының арқасында ХХ ғасырың ұлы жырауы атанды. Оның жырларының көпшілігі арнау мен мысқыл өлеңдерден және айтыстардан тұрады. Жамбыл 100 жылғы өмірінде халқына қызмет етіп, елдің қамын ойлады. Отаны үшін жанын пида етуге дайын болды. Ол ел ықыласына бөленіп, поэзиясы өміршеңдігімен, ешкімге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленді. Сондықтан, жүз жасаған Жамбылдың есімі ел тарихында алтын әріппен жазылып қалмақ!