Пословицы о здоровье на казахском языке.
денсаулық туралы мақал-мәтелдер.

1
ауырып ем ізденген ше,ауырмайтың жол ізде
ауру батпаңдап,кіріп мысқылдап шығады
менің алды-енбек
Комментарий удален

Ответы и объяснения

Лучший Ответ!
2014-02-06T20:00:57+04:00

Пословицы на казахском языке (Мақал-мәтелдер) о здоровье
 

Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
 
Денсаулық — зор байлық.
 
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
 
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,' жан азады.
  
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
 
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
 
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
 
Аяншақ көзге шөп түскіш.
 
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.
 
Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...
 
Жасырғанның жарасы асқынады.
 
Өлгенге өкпе жүрмейді.
 
Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.
 
Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.
 
Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.
 
Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
 
Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.
 
Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.
 
Таздыңтарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.
 
Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.
 
Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.
 
Үшнәрсенің алдынал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
 
Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.
 
Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды.
 
Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.
 
Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
 
Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.
 
Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.