ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА!!!! см.на балы Помогите написать 15 предложений (мини-сочинение) "Менiң балалық шағы". Очень срочно нужно!!!

1

Ответы и объяснения

2014-01-25T15:12:21+04:00
Бала кезім. Шіркін , ол кездің мұғалімдері «пір» еді ғой. Анамыз «мұғаліміңе айтамын» немесе «әкеңе айтамын» десе, әкеміздің мысы мен айбарынан сескеніп, мұғаліміміздің алдында тұруынан қорқып, жанымызды қоярға жер таппайтынбыз.
Мұғалім жүрген жерден қарамызды көрсетпейтінбіз .
Бірде ағаммен тығылыспақ ойнап жүріп, бір үйдің терезесіне жабысып қалыппын, үстел басында мұғалімім тамақ ішіп отыр екен.
Есім шыққан мен терезеге жабысқан күйі , айқайлап , бірге ойнап жүрген ағамды шақырып «қара , мұғалімдер де тамақ ішеді екен» дегенім әлі есімде .Сонда шағын ауылда тұрып мұғаліміміздің қай үйде тұратынын да білмейміз.                                                                                          Ауыл баласымыз. Сабақ басталуға бір сағат бұрын үйден шығып , мектепке жеткенше қарды омбылап , бір-бірімізбен қар атқыласып, ойнап –күліп, «аққала» болып мектепке жететінбіз.
Бұл да бір дәурен екен ғой... Ақырын ойлап тұжырым жасап отырсам , адаммен қарым-қатынас жасауды , қайырым , мейірім көрсетуді бала кезде үйренген екенбіз.