Ответы и объяснения

2014-01-19T18:19:11+04:00
Ағада бар, 
Ініде жоқ. 
Шамада бар, 
 Іріде жоқ.   (А)
Керуенде бар, 
Көлікте жоқ. 
Серуенде бар, 
 Серікте жоқ.   (У)
Бақытта бар, 
Абатта жоқ. 
Уақытта бар, 
 Сағатта жоқ.  (Қ)
Түленде бар, 
Балықта жоқ. 
Шүленде бар, 
 Халықта жоқ.   (Ү)
Қымызда бар, 
Шұбатта жоқ. 
Ындызда бар, 
 Қуатта жоқ.   (Ы)
Торсықта бар,
Келіде жоқ. 
Борсықта бар, 
 Бөріде жоқ.   (О)
Жемісте бар, 
Жидекте жоқ. 
Өрісте бар, 
 Жиекте жоқ.   (С)
Таңда бар, 
Түсте жоқ. 
Аңда бар, 
 Тісте жоқ.   (Ң)
Құдықта бар, 
Апанда жоқ. 
Құрықта бар, 
 Бақанда жоқ.   (Ұ)
Нөлде бар, 
Санда жоқ. 
Көлде бар, 
 Жарда жоқ.   (Ө)