Пожалуйста найдите мне любой легкий стих казахского писателя Султанмахмута Торайгырова! Очень надо, искала , не нашла, казахского языка нету на клаве

2

Ответы и объяснения

2014-01-13T14:31:26+00:00
АЙТ
Жер жүзін көк шөп басып түрленгендей,
Қызарып бәйшешектер гүлденгендей.
Киініп қыз, келіншек жарқылдайды
Бір түрлі жаңа тұрмыс түрге енгендей.
,

Шаттықта өңі ашыңқы бала-шаға
,Оларды есіркейді қамқор ана.
Жастар да өз бетімен қырындап жүр,

Бұраң бел жас сәулемді есіне ала.
Әр үйдің, тілегенге есігі ашық,
Шаттық бар, жамандың ой кеткен қашып.
Сойған қой, берген қымыз құрметіне
Байлар да кердеңдейді алшаң басып.
2014-01-13T14:34:22+00:00
ОРАЗА

Молдеке, сізге бір арыз,
Ораза деген не парыз?
Ауырмай астан қалғанда,
Өтейтінің қай қарыз?
Аш жүр деп алла аяса,
Жарылқар еді кедейді.
Көпке бірдей қараса,
Жақсы, жаман демейді.
Күнәдан адам қорықса,
Кісі ақысын жемейді.
Біреу жалшы, біреу бай,
Қай кезде, кім теңейді?