"ақсақ құлан" күйінің тарихы мен қысқаша мазмұнын дайындаңдар
помогите пожалуйста

1

Ответы и объяснения

2014-01-13T11:40:17+00:00
Ертеде ел билеген қатал Жошы хан өмір сүріпті. Оның бала дегенде жалғыз ұлы болыпты. Бір күні баласы аңға шығар алдында әкесі жаман түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді. Баласы әке сөзіне мән бермей, нөкерлерін ертіп, ұзақ жолға шығады.Біршама уақыт өткен соң, жазық далада бір топ құланның жайылып жүргенін көреді. Бала құланды қуып жүріп, алысқа ұзап кеткенін байқамай қалады. Хан баласының атқан оғы құланның аяғына тиеді.Құлан хан баласына қарсы шығып, оны теуіп өлтіреді. Арада біразуақыт өтеді. Хан нөкерлері баланың қазасын әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жүрегі сезгендей, «Кімде- кім баламды естірте келсе, сол кісінің көмейіне қорғасын құйдыртам» — дейді. Сол елде асқан күйші қазаны естіртетін болып, сарайға келіп, хан алдында күй тарта береді. Ханның көз алдына баласының қандай жағдайда қайтыс болғаны елестейді. Күйші барлығын күй тілінде жеткізген екен. Сонда хан: «Балам өлген екен ғой, мына кісінің көмейіне қорғасын балқытып құйыңдар»- деп жарлық береді.
Дат тақсыр! – дейді күйші. – Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам шығар.
Амалы таусылған хан баласының қазасын естірткен домбыраның шанағына қорғасын құйдырады

Аңыз әңгімелерде осы оқиғаға байланысты «Ақсақ құлан» күйін ХІІІ ғасырда өткен, атақты күйші Ершедегей деген адам шығарған екен.