Ответы и объяснения

2013-12-24T05:03:00+00:00
Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айрыла бастаған, сөйлемде зат есімдердің жетегінде қолданылып, олардың кеңістікке, уақытқа қатысын білдіретін есім сөздер. Мыс.: түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы – заттың тараптарына қатысын; арасы, ортасы – заттың ара қатынасындағы кеңістікті, орынды, ал іші – заттың өз шеңберіндегі мекенді, басы – заттың басталар шегін, жағы – бағыттық мағына береді. Кейбір К. е-дер мезгілдік мағына беретін сөздермен тіркесіп, оның мезгілін айқындап, нақтылап тұрады: жаз ортасы, түн іші, таң алды, т.б. К. е. тәуелдік жалғаудың үшінші жағында тұрып, изафеттік байланыста қолданылады: ауылдың жаны, үйдің жаны, мектеп іші.