Найти однородные члены(бірыңғай мүшелер)помогите плиз!

Қараңғылықпен, бұйығылықпен жалғыз-жарым арпалысып, елінің көгіне «жарқырап шығып, күн болуға» талпынған асылдарымыздың бірі, бірі емес-ау, бірегейі – Бөкет әулетінен шыққан өз заманының озық ойлы зиялысы, ҚарМУ-дың алғашқы ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, КСРО жазушылар одағының мүшесі Евней Арыстанұлы Бөкетов.Қай қазақ зиялысын алып қарасаңыз да, олардың ерекше таңдандыратын бір қасиеті бар. Бұл – бәрінің жан-жақты білімпаз, бесаспап оқымысты болып келетіні. Мейлі дәрігер, заңгер, мал маманы, әскери қызметкер, темір жол инженері болсын, бәрі шетінен көркемсөз шебері, тамаша саясатшы, тарихшы, этнограф, шежіреші. Бірақ бүгінгі ұрпақта сол қасиеттің кемшін жатуы қынжылтады. Бар саланы былай қойғанда, бір саланы жақсы игере алмай жатуы – ұлтымызды өсірмейтін кесел. Осы тұрғыдан алғанда да Евней Арыстанұлы – ұлы ғалым, 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 9 монографияның және АҚШ, Канада, Австралия, Швеция, Финляндия және тағы да басқа шет елдерде патенттелген 90-нан астам ғылыми жаңалықтың авторы. Сонымен қатар қазақ және орыс тілдерінде көркем жанрда, журналистикада қалам тартып, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлері жайлы естеліктер мен өмірбаяндық повестер жазған.

1

Ответы и объяснения

2013-12-18T15:42:13+00:00