Ответы и объяснения

2013-12-04T12:47:12+04:00
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыр­күйекте «Мемлекеттік егемен­дік туралы Декларацияның» жо­басы алғаш рет БАҚ-та жария­ланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декла­рацияның балама нұсқасын әзір­лепті. Қалай дегенмен де егемен­дікті жария еткен құжатты қабыл­дау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағды­рының жауапкершілігін сезіне оты­рып» деп келетін тұжырым­дарға келіспеушілік танытты. Со­нымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік пар­тия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсы­лық білдіріпті. Тіпті кейбіреу­лер­дің болашақ үшін аса маңызды құ­жатты қабылдауды кейінге қал­дырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құл­дықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сес­сияда Декларациядағы 17-бап се­гіз сағат бойы талқыға түсті. Ке­ңестер Одағының тал­қаны таусылмай жатып, одақтас рес­пуб­ликалардың кейбірі тәуел­сіздік туралы заңдарды қабылдап үлгер­ген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қа­раңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйым­дар­дың қызметіне қатысуға мүм­кіндік алды. Еліміз егемендік Декла­ра­циясы арқылы табиғи байлығы­мызды, экономикалық және ғылы­ми-техникалық әлеуетін толық мен­шігіне алды. Қазақстантерритория­сындағы барлық әскери құрылым­дар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қа­зақстан территориясында егемен­дік­ке қай­шы келетін КСРО заң­дарының күші жойылды. Декла­рация орталыққа бағынышты күй­ден арылтып, Мәс­кеумен жаңа жағ­­дайда тең әріптес ретінде ын­тымақ­тастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік еге­­мендік Декларациясы – егемен­дік­ті білдіре­тін құр мәлімдеме ам­биция ғана емес, шын мәнінде, заң­дық күш­ке ие маңызды құжат. Сон­­­дық­тан да егемендік туралы Деклара­циясы, кейін 1991 жылдың 16 жел­тоқ­санындағы Қазақ­стан Республи­касы­ның Тә­уелсіздігі туралы Дек­ла­ра­циясы­мен терең үндестік тапты.
Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр.