Реферат на казахском на тему монумент казак ели !На казахском языке))Срочно нужно.Заранее спасибо))

1

Ответы и объяснения

2013-12-03T17:19:49+00:00
Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орна­лас­қан орталық тұғырнамасы 1 гек­тар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан құйылған монумент­тің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жыл­дың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояу­мен әрленген алып құс – Сам­ұрық Қазақ­стан­ның тынышты­ғын “күзетіп” тұр. Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстан­дық­тардың дос­тық­қа адал, бау­ырмал, ақ ниетін паш етсе ке­рек. Көптеген елдерде орнатыл­ған мұндай стелалар қара, кейде қызыл түсті болып келеді. Олар тиісінше қара күш­тің, қанның белгісі іспетті.“Қазақ елі” монументінің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доға пішіндес ақ колон­на да орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаданың қақ орта­сында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызыл­ған. Оның төрт қырлы болған се­бебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.Өзгеріс: тұғыр граниттің төрт қабырғасына жасалмақ. Оның биіктігі 20,1 метрге дейін көте­рілетін болады, содан соң қабыр­ғаларға жаңа көркемдік шешім бойынша қола барельефтер ор­натылмақшы. Идея авторла­ры­ның ойынша, бұл монументтің мазмұны мен көркемдігін аша түседі.“Халық және Президент”Орталық барельеф – “Халық және Президент” деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыртында халықтың бейнесі көрінеді. Алдыңғы фигура­ның биіктігі – 5 м, онда Н.Назар­баевтың Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті бейнеленген. Бұл – біздің тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үс­тем­дік құратынын айғақтайтын нышан. Президенттің сыртындағы халық – қазақстандықтар, олардың бейбіт, мейірімді көңілін ұшып жүрген қарлығаштар дәйектейді.“Қаһар­мандық”Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – “Қаһар­мандық” деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бей­нелер шоғыр­ланған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жырау­дың, ат үстіндегі ел қорғаған сар­баз­дың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған.“Жасампаздық”Батыс жақ бетке орналас­ты­ры­латын “Жасампаздық” атты барель­ефте авторлар Қазақстанның көш­пе­лі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелемек болған. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, метал­лург­тер мен диқандар бейнесі көрінеді.“Болашақ”Ал монументтің шығыс жа­ғын­дағы “Болашақ” атты барель­еф­те тәуелсіз елде өсіп, өз тағ­дырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастар­дың көңілді шақтары бейнеленген.“Бірлік”Осы идеялардың бәрі Қазақ­стан халқының тәуелсіздік алған­дағы шаттанған сезімдерін бей­нелеген “Бірлік” атты мүсіндік компози­циямен аяқталады.