Ответы и объяснения

Лучший Ответ!
  • aa15
  • хорошист
2013-10-31T17:14:20+04:00

  Исатай не писал стихи,может ты хотела стихи про Истая написанные Махамбетом? 


Тереңнен көзін ойдырған
,Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған.
аңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.
Айқайласа белдік байлаған,
Астана жұртын айналған,
Астына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңреткен;
Атқан оғы Еділ - Жайық тең өткен:
Атқанын қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,
Арыстан еді - ау Исатай!Бұл фәнидің жүзіндеАрыстан одан кім өткен?!
   2) Исатай деген ағам бар,
 Ақ кіреуке жағам бар
.Хан ұлымен қас болып,Қара ұлымен дос болып,Х
ан үстіне барғанда
,Шабайық ханды дегенде,Шапқандай ханды амал бар,
-Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды - не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең - лебіз қайтарман.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай
,Ер туар ма бұлардай,Дулығалы бас кесіп
,Дұшпанының қанынаАқ алмасын суармай?!