Ответы и объяснения

2013-10-30T13:58:21+04:00
Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым
1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән.Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман.Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қандай? қай?кімнің? ненің? қандай? қанша? нешенешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады. Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз тіркесі мынадай лексика-грамматикалықмағыналарға ие. Менің киімім – затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің терезесі – бүтіннің бөлшекке қатынасы.