Напишите пожалуйста характеристику Толе Би на казахском языке...ОЧЕНЬ НАДО!!!!

1
http://szh.kz/215264/ вот ссылка посмотрите

Ответы и объяснения

  • ody
  • хорошист
2013-10-23T05:11:48+00:00
ТӨЛЕ БИ, Төле Әлібекұлы (1663, қазіргі Жамбыл обл. Шу өңірі, Жайсаң жайлауы – 1756, қазіргі Оңт.Қазақстан обл. Төле би ауд. Қазығұрт өңірі) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында “қарашоғыр” атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Т. б. Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір орт-қа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты.