"Қазақстан өнері" тақырыбында диалог құрастырыныз. Небольшой диалог. срочно пожалуйста.

1

Ответы и объяснения

2013-06-06T11:21:59+04:00

 

-Сен өнердің қандай түрлерін білесің?

-Мен қолөнер,сәулет,кескіндеме,сурет,музыка,би т.б.өнер түрлерін білемін.

-Халқымыздың тұрмысында қолөнердің алатын орны қандай?

-Қазақ халқының  тұрмысында қолөнер ерекше орын алған.

-Әйелдер өнердің қандай түрімен айналысқан?

-Әйелдер киіз басып,кілем,ши тоқып,киім тіккен.

-Халық  шеберлері ағаштан,сүйектен қандай заттар жасаған?

- Халық  шеберлері домбыра,ыдыс-аяқ,әр түрлі құрал-жабдықтар жасаған.

-Шеберлердің жасаған туындылары қайда сақталған?

- Шеберлердің жасаған туындылары мұражайларда сақталған.

-Қылқалам шебері Әбілхан Қастеев сурет салуды неден бастаған?

- Әбілхан Қастеев сурет салуды әжесінің киізінен,ешкінің  мүйізінен ,таудың биігінен бастаған.

-Қазақ фильм киностудиясы кімнің атында?

- Қазақ фильм киностудиясы Шәкен Аймановтың атында.

-Алдар Көсе рөлінде ойнаған актер кім?

- Алдар Көсе рөлінде ойнаған актер Шәкен Айманов.

-Мүсін өнері өнердің  қай түріне жатады?

- Мүсін өнері өнердің күрделі  түріне жатады.

-Өнер туралы қандай мақал-мәтел білесің?

-Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын,

Өнер-ердің қанаты.

Өнерлінің өзегі талмас.

-Саған өнердің қай түрі  ұнайда?

-Маған сурет өнері ұнайды.