Ответы и объяснения

2013-06-05T15:23:42+00:00
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы  Қазақстанның Қызылорда облысы Арал ауданында 50 884 гектар жерде құрылған. Бүгінде қорықтың құрылымдық бөлімшелері «Барсакелмес» және «Қасқақұлан» атауы бар кластерлік учаскілер, сонымен қатар «Дельта» (Сырдарияның кіші атырауы) болып табылады. Аталмыш жерді сонау 1929 жылдан бастап қорғай бастаған, ол, Барса – келмес аралында аңшылық шаруашылық ұйымдастырылғаннан соң, сайғақ, ор қояндарын, сұр құрларды, сырдария қырғауылдарын әкелуден басталған. 1953 жылы қорықтың аумағында Бахыздан әкелінген түркмендік құландар, кейінірек, қабандар, құмды сарышұнақтар, құмқояндары, үй қояндары пайда бола бастады.  

Барсакелмес - экологиялық апат аймағында орналасқан әлемдік қорық территориясына жатады (Арал теңізінің деңгейі бірте-бірте төмендеуде). 
Ғалымдар нақ осы жерде Арал теңізі-көлінің үдерістерін түсінуге тырысуда.
Бүгінде Барсакелмес Республикалық ҒЗИ, Жапония, Германия, Ресейдің зоологтары, орнитологтары және биологтары жыл сайын зерттеулер жүргізетін, өзгеше зертханалардың біріне айналды. Барлық зерттеулер қорықтағы барлық тірі жандарға аралдық экологиялық апатының салдары және зардаптары деген тақырыпқа байланысты.    

Барсакелмес қорығының флора мен фаунасы ғажайып.   Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.
Қазіргі таңда, қорықтың аумағында 40 астам сүтқоректілер өмір сүреді: құландар, қарақұйрық, ергежейлі қосаяқ Қызыл кітапқа енгізілген. шөлейт жануарларының ішінде қарсақ, орқояндары, Гептнера тышқаны, шөлейт - сарышұнағы, қалтауыз, қасқыр және түлкілердің саны көп.
Қорықта жылдың түрлі маусымына байланысты құстың 23 түрі кездеседі. Бұл,  бұйра бірқазан, кіші ақ тырна, сары тырна, сұр құтан, қарабасты күлегеш, сұңқылдақ аққу, тарлан, дала бүркіті, ақ сұңқар, қара жемсаулы маймақ қаз, ақ жемсаулы маймақ қаз, қоқиқаз, қарақұс, шүрегей, 
Аралдың сәні және көптеген аңдардың мекендейтін орны қара сексеуілден құрылған шөлейт ормандары.