Ответы и объяснения

  • ody
  • хорошист
2013-05-29T17:13:11+04:00

Биыл да еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерден сан мыңдаған шәкірт жүректері лүпілдеп, білім нәрін сіңірген аяулы ұстаздарымен, балалық балдәурен шақтары өткен алтын ұя мектептерімен қоштасып, соңғы рет күміс қоңырау сыңғырына құлақ түрді. Енді олардың алдында 11 жылғы білімі мен білігін танытар сындарлы сәт тұр. Ол – ҰБТ. Рас, еліңнің еңсесі биіктеп, мемлекеттің алтын діңгегі мызғымауы үшін білім мен білік қажет. Сол білім мен білікті жас ұрпақтың бойына сіңіруде атқарылып жатқан жұмыстар қыруар. Әсіресе, мектеп пен ұстаздар қауымына артылар жүк ауыр. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Ең бастысы, озық білім керек. Білімсіз даму мүмкін емес. Ал білім бастауының бәрі де мектептен басталады», – деген болатын. Осыдан-ақ ұстаз бен мектептің болашақ ұрпақ үшін маңызын аңғаруға болады. Бітірушілердің білімін сарапқа салатын сынақ – осы бірыңғай ұлттық тест. Бұл әдіс алғашында әділетсіздікті болдырмау, нағыз білімді жасты іріктеу мақсатында қолға алынған еді. Бірақ оның да көзін тауып, тест сұрақтарын сатып алып, біліміне емес, қалтасына сеніп сынақ тапсырған оқушылар да кездесті. Бірақ бірер жылдан бері тест тап­сырмаларының базасы мен дұ­рыс жауаптар коды мемлекеттік құпия болып есептелінетін болды. Ал оны арам пиғылда пайдаланғандар заң талабымен қатаң жазаға тартылатыны да жұртшылық есіне салынды. Соның нәтижесінде өскелең ұрпақ тағдырын саудаға салу ісіне нүкте қойылғандай болды. Ал баласының біліміне емес, жалған «жарылқаушыларына» сенген кей­бір ата-ана опық жеп те жатты.