Помогите написать сочинение на тему Алмата без преводчика на казахском языке!

2

Ответы и объяснения

2013-05-07T12:03:36+04:00
Алматы казир онтустик астанасы,республикамыздын гылыми Жэне мэдени орталыгы. Халкы 1 миллионнан асады. Алматы Iле алатауынын баурауында орналаскан. Алматы жылдан-жыл оркендеп,коркейип келеди. Каланын тарихы бай. Алматыда континенттик климат калыптаскан.
"Медеу" муз айдыны,Коктобе,Шымбулак,сэулетти гимараттар Жэне коптеген эдеми демалыс орындар бар.
Ну буквы ;) исправишь на казахские
2013-05-07T12:15:33+04:00

Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы — алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.

Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Атазаң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.

Алматы теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы — Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында.

Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына Алматының мемлекеттік гербын әшекейлеген барс жатады. Тау баурайында дәнді, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады.

Қала 170 шаршы км. астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің торабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы бүгінде, 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді.

Алматы — елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.

Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктебенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар.

28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.

Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А. Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берген.

Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы — Шота Уалиханов. Монументтің ұшында барсқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.

А.Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей — республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады.

Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан