Ответы и объяснения

2013-04-24T07:25:42+04:00

Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді. Сұрақтары: қай? қандай? қайсы? қайдағы? недегі? қанша? неше? нешінші? не еткен? кімнің? ненің? т.б.

 

Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады. Толықтауыш етістіктің алдында келеді. Сұрақтары: кімді? нені? кімдікі? немдікі? кіміңді? неңді? кімін? несін? қаншасын? нешеуін? кімге? неге? кім туралы? не жөнінде? т.б.

 

Пысықтауыш: етістіктен болған мүшенің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсетеді. Баяндауыш мүшеден пысықтауыштарға қаратып қашан? қашанға дейін? қайда? қалай? қалай қарай? қайтіп? неліктен? не мақсатпен? қанша? қай жаққа? қай жерде? қай жақтан? қалайша? неше? неге? не себепті? не үшін? т.б. сұрақтары қойылады.

 

рада помочь