Помогите написать сочинение на казакском языке на тему адам ағзасына тигізетін пайдалы заттар

1

Ответы и объяснения

2013-04-05T10:15:21+04:00

Адам денсаулығының сырқатын емдеудің әдіс-тәсілдері әртүрлі болады. Соның бірегейі әуен терапиясының жаңа технологиясы. Бұл емдеу әдісі жан мен тәнді дәрі-дәрмексіз емдеуде емшілікте басты бағытқа айналуда, бұл бағыт адамға дәстүрлі халық медицинасының ең озық үлгілерін үгіттеуге мүмкіндік бере алады.

Ағза өмірлік күшінің генетикалық қорын табиғи түрде жұмсап бітірген кезде, денсаулығы мықты әрі бақытты болуға тырысатын адамдардың бәрі бірдей қартайғанға дейін жақсы көңіл-күйін сақтағанымен, содан кейін жеңіл әрі тыныш жеке өмір жолын аяқтай алмайды.

Мұндай жағдай көбінесе өзін-өзі танып-білмеуден, өзінің табиғатын, ағзасының ерекшеліктерін, психикасын және солардың арасындағы байланысты түсінбеуден туындайды.

Жан және тән үндестігі тек сирек жағдайда ғана берілетін табиғаттың жомарт сыйы. Бірақ әуенмен емдеу құпияларын ашу - әркім үшін мықты денсаулыққа және өмір жасының ұзақтығына апаратын шынайы жол. Адам неғұрлым жас кезінде өзін-өзі, өз ағзасын танып-білсе, өзінің психикасының ерекшеліктерін соғұрлым ерте түсіне бастайды да, оның кейінгі өмірі салауатты және бақытты болады.

Әуенмен емдеу жолы адамдарды жылдар бойы азаптап келе жатқан созылмалы аурулардан арылтады, жедел өтетін ауруларды, жүйке күйзелістері мен невроз сияқты ауруларды емдеп-жазуға көмектесе алады.