РЕШИТЕ ПЛИЗ 1) КАЗАКТЫН АТА КЯСИБЫ 2) КАЗАКСТАННЫН МЯРТЕБЕСИН ОСИРУ. ЕСЛИ МОЖНО НА КАЗАХСКОМ ЕСЛИ НЕТ ТО НА РУССКОМ

1

Ответы и объяснения

2013-03-20T06:26:57+00:00

ЖЫЛҚЫ ӨСІРУ– жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өөсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады

Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді.