Переведите, пожааааалуйста! Только нормально, без каких то там тупых переводчиков!

Табиғат-біздің анамыз, досымыз және сырласамыз. Біз анамызды қалай сүйіп, досымызға қалай жанымыз ашыса, табиғатқа да солай қарауға тиістіміз. Адам-табиғаттың бір бөлшегі, табиғатсыз өмір сүре алмайды. Себебі керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Ендеше адам баласы табиғатқа зиян келтірмеу керек. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті бұзуға болмайды. Үйлесімділік бұзылса,екеуінің біреуі апатқа ұшырауы мүмкін.

Ақын-жазушыларымыз табиғатқа арнап көптеген әңгімелер, өлең-жырлар жазды. Табиғат өзінің әсемдігімен, сұлулығымен, тазалылығымен адамдарды, әсіресе ақындарды, баурап, сырына сыр, жырына жыр қосып, көңілін тебірентеді, сезімін тербейді, толқытады. Сол тебіреніс, сол толқыныс жаңа туындының дүниеге келуіне септігін тигізеді. Осындай құдіреті, қасиеті бар табиғатты кей адамдар бағаламайды, қорғап күтпейді.

Қазіргі таңда экологиялық зардаптар мәселесі өзекті мәселенің бірі. Семей полигоны мен Арал теңізін айтпаған күннің өзінде, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі - осының барлығы кезек күттірмейтін үлкен экологиялық проблемалар. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, осы мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат-үйіне қамқорлық жасауы тиіс.

“ Табиғаттың бауырысың, досысың,

Аянбау да керек шығар дос үшін.

Екеуіңнің араңдағы байланыс

Өмір бақи үзілмесін,қосылсын”

-дей отырып, біз - табиғат қорғаны, өз табиғатымызды өз анамыздай, өз Отанымыздай құрметтей, қастерлей, аялай білейік, достар дегім келеді.

1

Ответы и объяснения

Лучший Ответ!
2013-03-15T21:42:08+04:00

могу только половину.

природа - наша мать, друг  и слушатель. мы должны обращяться с природой как с любовью к метери и с уважением к другу. человек частичка природы, он не может жить без неё. потому что, всё он берет у природы. поэтому человек не должен причинять вред. нельзя прирывать связь между природой и человеком. если прервать связь, то один из них может попасть в аварию.

поэты и писатели писали про природу разные стихи, рассказы. красота, чистота природы взохнавляет их, давая их новые чувства. эти новые чувства являются корнями всех поизведении. вот такие чувства природы многие люди не ценят и не замечают, не охраняют.

в данный момент экологические проблемы одни из важных. полигон в семейе и аральское море с каждым днем приводятся загрязнение, исчерновение животных, пожам в лесах- всё это одна большая проблема. так как человек свободен, живет за счет природы, он должен решить все проблемы и помочь ей. стихи сама перевиди.