Надо написать сачинение про маму на казахском ваши приедложения

2

Ответы и объяснения

2013-03-06T14:44:26+04:00

Ана-сарқылмайтын күш иесі Әлемдегі ең кешірімді,ең мейірімді жан-ана.Ана баласы қандай қателік жасаса да ол кешіреді.Оның мейірімділігінде шек жоқ.Ана-үнемі баласы қайда жүрсе де уайымдап жүреді.Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ана туралы қаншама өлең жолдары,жырлар жазылған.
Әрбір ақын, әр жазушы ана туралы не жазса да,бәрі шындыққа жанасады. Ешқандай адам анасы туралы жаман сөз,жаман ой айта алмайды.Бұған себеп әрбір адам өз анасын жақсы көреді.Алыста жүрсе сағынады.
Ананың балаға,баланың анаға деген сүйіспеншілігі-адам жүрегін елжіретеді.Әр ана өз баласы үшін не істемейді?!Сондықтан біздің анамызға деген махаббатымыз,сүйіспеншілігіміз бітпеуі,сарқылмауы тиіс.
Ана…Ана-деген жүрегімізге сүйіспеншілік пен жылу сыйлайтын,құдіретті күш иесі. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.

2013-03-06T17:58:36+04:00

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы.“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң \\"БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ\\",- деп ақ сүтін беріп, аяалап, МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ деп мақтан тұтады.

Мен анамды мақтан тұтам...анам маған өмір сыйлады..мен оған өмір бойы борыштармын...мама мен сені қатты жақсы көремін!!!!!