Ответы и объяснения

2013-03-05T11:15:45+00:00

Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласымыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: "Орыста мейрам көп, қазақта айран көп".

Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - Наурыз.

2013-03-05T12:31:10+00:00

22 Наурыз-Наурыз Мерекесі

Наурыз мерекисі – көктемнің басталып,табиғаттың оянуы.Бұл ежелгі  түркі  халықтарының жаңа жыл мейрамы. Мереке  5 мыңнан астам жыл тойлануда. Наурыз кезінде наурыз көже дайындалады. Наурыз  мерекесінің  алдында қала көшелері  тазаланып, ағаштар  отығызылады. Қазақта бақыт тек таза үйге келеді  деген ырым  бар. Әрбір үйде мерекелік  дастарқан жайылады.