Ответы и объяснения

2013-03-02T08:11:40+00:00

Абай Кунанбаев казак халкына улы акын ретинде танылган. Абайдын шын есими Ибрахим,ажеси Зере немереси абай болып журсин деп Ибрахимды Абай деп атап кеткен. Казактын улы акыны Абай Кунанбаев казирги Шыгыс Казакстан обласында, Шынгыстау боктеринде дуниеге келген. Абай Семей каласындагы медреседе окып жургенде коп уакытын китап окуга, оздигинен ертеги,дастан,хисса сиякты адеби мураларымен Абай осы кезде танысып, оларды кызыга окыган. Осы медреседе окумен катар ол оз бетимен орыстын приходтык мектебинен сабак алып, орыс тилин уйренеди.

2013-03-02T11:12:41+00:00

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]