Мне нужно сочинение на тему домашнее животное кошка.На казахском

2

Ответы и объяснения

2013-03-01T13:30:32+04:00

   Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.

  Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Мойын жіп байланғаны дұрыс. Пәтерде оларға арнайы орын бөлініп, оған құм немесе топырақ, ағаш ұнтағы салынған себет әйтпесе жәшік қойып, ішін күнде жаңартып тұрады.

  Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің ІІ-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді».

2013-03-01T13:56:51+04:00

In our family there is a General favorite - cat Дульсинея. She appeared in our apartment tiny kitten, now her five years. Дульсинея turned into вальяжную beauty with wayward nature. My cat white color, with long silky hair. Eyes yellowish-green, nose and ears, pale-розовве. She is very graceful, usually goes slowly, gently waving his tail. During sleep, when Дульсинея