Ответы и объяснения

2013-03-04T06:48:25+00:00

Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Депшті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының негізінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ Хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.

Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан,Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. Қазақстандағы қазақтар саны 11 млн. адам (2009), әлемде шамасында 16 млн. адам құрайды.