Ответы и объяснения

2013-02-17T18:43:06+04:00

меның анам өте сұлу, әдемі. Мен оны қатты жақсы

Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенімен жарық жал-ғанда кез келген адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар. Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горькийдің «…Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген сөзіне еріксіз иланасың. Тіпті, көк аспан да ана жәйлі терең ойға батып, үнсіз мөлдіреп тұрғандай сезіледі.
Сол секілді біздің балапан жүрек жас оқырмандарымыз да қолына қауырсын қалам алып, ана жайлы тебіренеді. Редакциямызға күн санап осы тақырыпты арқау еткен өлеңдер циклі ағылып жатады. Біз оған қуанамыз. Дегенмен, сол өлеңдерді журнал бетіне жария етуге келгенде шарасыздық танытып, қиналып қалатынымыз рас. Неге десеңіз, бұл өлеңдерде көп кемістіктер орын алып жатады. Енді солардың кейбіріне тоқтала кетсек дейміз.
Алматы облысы, Талғар ауданында тұратын оқырманымыз Б.Чотбаев бізге жолдаған өлеңінінде:
- Ойланамын анама қараймын да,
Мұңға батам, ақ шашын санаймын да,- деп бастапты. Анасына қарағаны жақсы, ал шашын санаймын дегенін қалай түсінуге болады… Алматылық А.Мауытханның да осындай өз орнын таппаған сөзі жиі кездеседі.
- Алақаны әжемнің ақ бесігі,
Жүрегімде тербетті есіл үні,- деп ары қарай жалғаса береді.Алақан мен ақ бесік деген дербес ұғымдар. Әрқайсысының өз орны, өзінше атқарар қызметі бар.

көремін.