нужен реферат на казахском языке про любой цветок. Помогите, мне срочно нужно(((

1

Ответы и объяснения

2013-02-09T15:42:20+00:00

Вот держи информацию)

Сіз бүгінге дейін жаныңызға жақын адамнан сыйлыққа раушан гүлін алып көрген боларсыз немесе сүйікітіңізге осы бір кереметтей гүлді тарту етіп қуантқан да шығарсыз. Ал сіз раушан гүлінің тарихы туралы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Жоқ?! Ендеше төмендегі деректер сіздер үшін, аяулы оқырмандар!

Раушан  – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны. Раушан бағзы замандардан-ақ ең сәнді өсімдік саналып келген. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да, мұрныңызды жарардай хош исі тұрғысынан да теңдесі жоқ  десек, артық айтқандық емес. Келісесіз ғой?!

Ежелгі Иран халқында осы гүлдің көркемдігі туралы жүздеген томды кітаптар жазылған. Еңбектегі Иран халқының ақындарының айтуынша, раушан Тәңірдің тарту еткен сыйы екен. Күндердің күнінде Флора патшалығының балалары Құдайдан өздеріне қашанда ұйқыда жүріп, билеушіге тән міндеттерін есінен шығарып ала беретін Лотостан басқа патша тағайындап беруін жалынып сұрайды. Мейірімді Аллаһ Тағала өтініштеріне құлақ асып, оларға өткір тікенді, періштедей пәк ақ раушанды жібереді.

Раушан гүлінің тарихы жер бетінде адамзат баласы пайда болмай тұрғанда, яғни осыдан 25 миллион жыл бұрын басталатындығына көптеген ғалымдардың еңбектеріндегі деректер дәлел бола алады.

Раушан туралы қолжазбалардағы ең көне деректер Тигр мен Ефрат өзендерінің арасында орын тепкен Ура қаласындағы патша моласынан табылған (осыдан 5000 жыл бұрын).

Конфуцийдің еңбектеріне сүйенер болсақ, ежелгі  Қытайдың патшалық кітапханасында раушан туралы 600 кітап болған екен. Және сол кездің өзінде қытайлықтар раушан майын дайындау тәсілін жетік білген. Б.з.д. 372-287 жылдары өмір сүрген Теофраст раушан гүлдің жабайы және бақта өсетін түрлерін ажыратып берген. Ал, көненің көзі саналатын Алтай қорғандарынан (б.з.д. V – IV ғ.ғ.) раушандар бейнеленген күміс тиындар табылған.

Раушандар әлеміндегі соңғы жаңалықтар

•Әр түрлі елдердің селекционерлерінің арқасында бүгінде раушанның шамамен 25 000 сұрпы алынған.

•Раушанды сұрыптауды жүргізіп отырған алпауыт мемлекеттердің басында  Франция, АҚШ және Англия тұр.

•Раушан гүлдері ақ, алқызыл, сары тіпті қара және көгілдір түсті болып келеді. Гавай аралдарының көгілдір аспандарының астында көгілдір күлтелі раушандар жайқалып тұрады.

•Раушандардың ең сирек кездесетін түрі – меруерт раушандар. Мұндай гүлдер Румынияның Клуж қаласындағы «Напока» ботаникалық бағында өсіріледі. Күлтелері ашық жасыл түсті бұл таңғажайып раушандар инеліктің қанатын еске түсіреді.

• Бұл аз десеңіз, соңғы уақытта мұңды кейіптейтін қара раушандар дүниеге келген.


• Италияда өткен гүлдер көремесіне сабағында бірде-бір тікен жоқ ақ раушан гүлі қойылған.