Написать сочинение на тему "Мой любимый" город на казахском языке срочно

1

Ответы и объяснения

2013-01-17T19:30:30+04:00

Мен Павлодарда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Павлодардың орны ерекше.

            Павлодар қала ретінде  XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Ертіс жағалауы – павлодарлықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Павлодарды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Мұнда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы,  Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы  атындағы және көркемсурет  мұражайлары бар. С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ, ИНЕУ секілді ЖОО,  көптеген лицейлер мен орта арнаулы оқу орындары бар. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, мұнай-химия,  сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі.. 

             Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Павлодардай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.