Ответы и объяснения

2013-01-15T17:41:16+00:00

Ленинрадттық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін
Жасағым жоқ өмірді
Жау сойқынын көргелі,
Төкенім жоқ терімді
Шер қылғалы кеудені
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі
Жауда қалып Ленинград
Жаралған жоқ көнгелі.

2013-01-15T18:10:56+00:00

Кедей күйі

Ұзынағаш, Қаратас,
Қалқабайдай қайран жас.
Бекеттен нан қоймайды,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Оған ауыз жарымас,
Сонда дағы ар қылмас.
Қалт-күлт етіп жүргені,
Қысы-жазы қарны аш.
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас?!
Болмайды ішкен асың ас,
Қайтіп сүйек жасымас?!
Мұныменен, Қалқабай,
Сордан көзің ашылмас.