Ответы и объяснения

2012-12-26T19:31:49+00:00
Қазақстан – менің Отаным

Өз Ота­ныңын, өз еліңнің пат­ри­оты болғанға не жетсін! Сайын да­ла — атажұрт ба­бала­рымыз­дың көздің қара­шығын­дай сақтап, най­за­ның ұшы, білектің күшімен қорғағаны­ның арқасын­да бізге жетіп отыр. Ен­де­ше осын­дай алып Отан­ды сүйіп өту кімге де бол­сын па­рыз әрі қаси­етті міндет. Отан­ды сүю оның әрбір та­сын сүюден бас­та­лады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа де­ген ма­хаб­бат Отанға де­ген ма­хаб­батқа ұлас­пақ.

Қазақстан жерін ежел­ден қоныс­та­нып ке­ле жатқан ел — қазақ халқы. Көпте­ген ғасыр­лар бойы ел басқарған да­на бас­шы­лары­мыз, қол­басшы ба­тыр­ла­рымыз кең-бай­тақ жерімізді сырт­тан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, дос­тыққа адал, ба­уыр­мал, қонақжай ха­лық.

Тәуелсіздік — ғасыр­лар бойы аңсаған ар­ма­нын жүзе­ге асы­рып, Ұлы Ев­ра­зи­яның төсінде еге­мен, тәуелсіздік мем­ле­кетін Қазақстан­да тұра­тын әрбір адам өзін осы елдің пер­зенті сезінбейінше, бо­лашағына сен­бейінше, біздің жұмы­сымыз ілгері бас­пай­ды.

Қазақстан Рес­публи­касы — Ев­ра­зия құрлығының ор­та­лық бөлігінде ор­на­ласқан мем­ле­кет. Жер көлемі — 2724,4 мың шар­шы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы са­нақ бойын­ша). Ұлттық құра­мы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыс­тар — 30,0%, ук­ра­ин­дар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғыр­лар — 1,4%, ко­рей­лер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.

Мем­ле­кеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Рес­публи­касы — де­мок­ра­ти­ялық және біртұтас мем­ле­кет бо­лып та­была­ды. Ел тұрғын­да­ры негізінен ис­лам және хрис­ти­ан дінін ұста­нады. Бас­ты қала­мыз — Ас­та­на. Мем­ле­кет бас­шы­сы — Пре­зидент. Заң шығару­шы жоғарғы өкілді ор­га­ны — Се­нат (39 де­путат) пен Мәжілістен (77де­путат) тұра­тын Пар­ла­мент. Атқару­шы билік ор­га­ны — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.